Үржар ауданындағы көпбалалы аналар маска тігуде

500
көрілім

Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы көпбалалы ана Рысалды Мұхаметқалиева бастаған аналар қауымы көпшілікке үлгі көрсетіп, коронавирустың алдын-алу мақсатында бірнеше рет пайдалануға болатын маскалар тігіп беру жөнінде ұсыныстарын білдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндай бастаманы естіген аудан әкімдігі де аналардың ұсынысына қолдау білдірді. Аудан басшысы Нұржан Тоқсеитов әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, тігілген маскалар аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналар мен зейнеткерлерге тегін беріледі.
Рысалды Мұхаметқалиева ауызбірлішілік танытсақ, еліміздегі дүрбелеңді ел болып еңсере алатындығымызға сенімін білдірді.
 – Бүгінде Рысалды аналардың мұң-мұқтажын шешуге көмектесіп, белсенді жұмыс істеуде. Осылайша Мақаншы өңірінде Рысалды бастаған көпбалалы аналар маска тігу жұмыстарын бастап кетті. Бұл игі бастамаға киелі Үржар жерінің аналары да мол түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосуда, – деді Нұржан Тоқсеитов. – Жалпы, ауданда індеттің алдын-алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылып, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынуда.