Үржар ауданындағы мектеп жөндеу жұмысы қыркүйектің соңында аяқталмақ

549
көрілім

Аудан басшысы Нұржан Тоқсеитовтің сөзінше, Алтыншоқы ауылындағы жөндеу жұмысының сапасы қатаң бақылауға алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Ауданымыздың ауылдарын аралау барысында Алтыншоқы ауылының «Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болдым. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты мерзімінде, сапалы аяқтауды талап еттім. Жалпы жөндеу жұмыстары қыркүйек аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда, – деді ол.