Үржар ауданының Елтай ауылына ғаламтор желісі тартылмақ

537
көрілім

Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов жуық арада Елтай ауылын толыққанды ғаламтор желісімен қамтамасыз ететіндігін жеткізді, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қашықтан оқытудың машақатын көріп жүрген тұрғындардың өтінішін естіген аудан басшысы ауылға барып мәселенің мән-жайын біліп қайтқан.
– Әлеуметтік желідегі парақшама ауылдағы интернет байланысының нашарлығы оқушылардың қашықтан оқуына кедергі келтіретіндігі туралы жазылған болатын. Қазірде ауылдағы ұялы операторлардың 3G байланысы абоненттердің ғаламторға кіріп, толыққанды мәлімет алуларына мүмкіндік бермей тұр, – дейді Нұржан Тлеужанұлы. –  Себебі байланыс операторларының интернет желісіне кіретін абоненттер саны көп. Жоспарға сәйкес биылғы жылдың шілде айында ауылға ұялы операторлардың 3G  немесе 4G байланысы орнатылатын болады.
Бұдан бөлек, аудан басшысы 3G және 4G байланыстары орнатылғанға дейін ауылды толыққанды интернет желісімен қамтуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.