Үржар ауылында бассейн құрылысы жүргізілуде

772
көрілім

Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтың сөзінше, жұмысты уақтылы аяқтау үшін тағы да жұмысшылар тартылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, аталған жұмыс "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

– Қыс мезгілінің таяп қалуына байланысты ғимараттың төбесін жабу жұмыстарын аяқтауды тапсырып, жұмыс қарқынын үдетуді талап еттім. Құрылысшылар санын көбейтіп, жұмыс көлемін ұлғайту бойынша аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитовқа бірқатар тапсырмалар бердім, – деді Нұржан Тлеужанұлы.