Үржардан Астана мен Алматыға ұшатын әуе рейстерінің маусымы басталады

976
көрілім
VistaNews.ru

16 мамырдан бастап Үржардан Астана мен Алматыға ұшатын әуе рейстерінің маусымы басталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайтта берілген ақпаратқа сенсек, әуе рейстері 2018 жылдың 16 мамырынан 28 қазанға дейінгі аралықта аптасына екі реттен, әр сәрсенбі және жексенбі күндері қатынамақ.

Үржардан Алматы қаласына сәрсенбі күні сағат 17.40-та, жексенбі күні сағат17.20-да ұшады. Ал кері бағытта сәрсенбі күні сағат 09.05-те және жексенбі күні сағат 08.40-та ұшады. Жолға кететін уақыт екі сағатты құрайды.

Үржардан Астанаға сәрсенбі күні сағат 11.20-да, жексенбі күні сағат 11.00-де ұшады. Ал кері бағытта сәрсенбі күні сағат 14.50-де және жексенбі күні сағат 14.20-да қайтады. Жолға кететін уақыт екі жарым сағатты құрайды.

Әуе бағыттарына "Южное небо" әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Үржардан Алматыға дейінгі билет бағасы — 16 мың теңге, ал Үржардан Астанаға дейінгі билет бағасы — 19,5 мың теңге. Екі арада АН-24 ұшағы қалықтайтын болады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін, яғни 25 наурыздан бастап аталған әуе компаниясы Өскемен-Зайсан, Өскемен-Семей және Өскемен-Үржар бағыттарында жолаушылар тасымалдаумен айналысуда.

 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ