Үш егіз дүниге келді

359
көрілім

Тұңғыш Президент күні ШҚО-да үш егіз дүниеге келді. Сондай-ақ осы күні ұлды болған Өскемен тұрғыны ұлына Нұрсұлтан деп ат қойды.

1 желтоқсанға қараған түні үш егіз өмірге келді: ұл мен қыз және екі жұп қыздар. Егіздер Владимир мен Даринаның анасы Екатерина да ана атанғаны үшін бақытты. Ал қалған егіз қыздарға ата-анасы бір-біріне ұқсатып Әсел мен Әсем, Еркем мен Көркем деп ат қойыпты. Бақытты отбасыларға Елбасы атынан сыйлықтар берілді. Онда балаларға арналған автокресло, қоларба, кереует бар, ал ата-аналар гүл шоғы мен сәбиге күтім жасауға қажетті дәрі-дәрмек қобдишасына ие болды. Сонымен қатар дәл осы күні шекесі торсықтай ұл сүйген отбасы сәбиінің атын Нұрсұлтан деп қойды.

– Менің 4 қызым бар. Енді нағыз батыр дүниеге келді, салмағы - 3,6 кг. Ұлымның болашағы жарқын болып, көптеген белестерді бағындыратынына сенімдімін. Бейбіт заманда өмір сүріп отырғанымыз үшін Елбасына алғыс айтамын, – деді Айнұр Қобланова.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ