Үш күнге арналған ауа райы болжамы

457
көрілім

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
– Қыс аяқталып келеді, ал көктем елімізде біртіндеп өз үстемдігін орнатуда. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 5...12°С жоғары, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар жауып, циклондар мен антициклондар бір-біріне тез ауысуда. Ал олардың тез ауысуы көктемгі процесстер басталуының негізгі белгісі болып саналады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы суық полярлық және арктикалық фронттар үлкен жылдамдықпен өтеді. Шығыс бөлігінде күн райы жылынбақ. Сондай-ақ бірқатар өңірлерде жауын-шашын мөлшері көбейіп, ауа температурасы жоғарылайды, - делінген хабарламада.