Үздік үштікке ілікті

403
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті биылғы жылғы көрсеткіштері бойынша республикадағы өзге департаменттердің арасында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жуықта Астанада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Отырыс барысында жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, Қарулы Күштері әскери (мекемелерінің) диверсияға қарсы қауіпсіздігі, әскерлердің материалдық-техникалық және пәтер пайдалануды қамтамасыз ету жай-күйінің мәселелері талқыланды. Одан басқа, Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің, әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылу қорытындысы шығарылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті республикадағы өзге департаменттердің арасында үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің түрлері арасында Әуе қорғанысы күштері, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері арасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үздік атанды.