Үздік үштіктің қатарында

284
көрілім

Жеңіл атлетикадан Қазақстан Кубогін ШҚО құрамасы үшінші орынды иеленді. Дүбірлі дода «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында өткізілді.

Саңсақтар сайысында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті деуге негіз бар. 60 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруден Орынгүл Зкриенова қарсыластарын шаң қаптырып алтын медаль иеленді. Сонымен қатар шығысқазақстандық спортшылар ұзындыққа секіруден де жақсы нәтижеге қол жеткізді. 17 жастағы екі жасөспірім 195 см ұзындықты бағындыра алды. Осының нәтижесінде Владислав Бахтин қола медальды қанжығасына байласа, Сергей Оленич басқа көрсеткіштерден сәл төмен ұпай жинап төртінші орынға жайғасты. Семейлік Александра Лошкарёва болса 177 см ұзындыққа секіріп, облыс қоржынына күміс медаль салды.

– Бұл менің спорттағы алғашқы жетістігім, – дейді Владислав Бахтин, Өте қатты қуаныштымы. Алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізетіндігіме сенемін.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ