WhatsApp-қа бүгіннен бастап өзгертулер енді

588
көрілім

Әлемге танымал мессенджерлердің бірі WhatsApp-та өзгерістер болды. Енді қолданушылар топтарға қосылар кезде ол туралы қысқаша түсініктеме, оның мақсаты мен ережесі және тақырыбы туралы мәлімет ала алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Топтың ережесімен танысу батырмасы экранның жоғарғы жағында көрініп тұрады. Ал әкімгерлер топ атауын, фотосын және таныстырылымын өзгерте алатын адамдарды таңдай алады

Топтан шыққандар оған қайтып қосыла алмайды. Егер қолданушы топтық чатқа көптен бері кірмеген болса, онда оң жақ төменде тұрған @ белгісін басып, хабарламалармен тезірек таныса алады.

WhatsApp ресми блогында жаңа функциялар бүгіннен бастап Android және iPhone қосымшаларында қолжетімді екенін жазды.

Айта кетейік, бүгінде WhatsApp-ты 1,5 миллиард адам пайдаланады. Ал Telegram-да 200 миллион адам бар.