Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

301
көрілім

Өскемен қаласында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен ШҚО Полиция  департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі, ТЖ мен ШҚО Қорғаныс департаменті, «Антарес А» қоғамдық бірлестігі және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалы арасындағы ынтымақтастық  меморандумы әр жыл сайын өзінің жемісті жұмысын көрсетуде.
– Аталған шара мақсаты – жастарды баспанамен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, сапалы білім беру мен денсаулықтарын қорғау, әлеуметтендіру мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмауды көздейді, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мен қауіп тобына жататын жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тартуға бағытталған жобаға сәйкес 2018 жылы 145 бірлескен рейд ұйымдастырылса осы жылы 67 кездесу және түсініктеме шаралары  өткізілген.
151 бірлескен спорттық шараларға бақылауға алынған арнайы топтағы жастар мен колледж, жоғарғы оқу орындары студенттері қатысқан.
Шара барысында ювеналдық полицияда есепте тұрған жастарға 17 семинар-дәрістер өткізіліп, 528 жасқа заңгерлер мен психологтардың жеке және топтық кеңестері берілді.
Үстіміздегі жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы қылмыс жасаған жастардың саны былтырғы жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға төмендеген.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ