Ыстықкөлде қазақстандық туристер отырған автобус жол апатына ұшырады

353
көрілім

Ыстықкөлде қазақстандық туристер отырған автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Бұқара.кз сайытының тілшісі tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 11 тамызда кешкі уакытта Тамшы ауылында болған.

"Қазақстандық туристер отырған автобус Бостеріден келе жатып, Lexus маркалы көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады аудандық ІІБ өкілдері. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.