Ыстықтың беті қайтады – синоптиктер

269
көрілім

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


«Көптен күткен ыстықтың басылуы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарында найзағаймен өткінші жаңбыр күтіледі. Бұл Жаңа Жер аймағынан жоғарғы циклон жырасымен және атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Бұлар шығыс бағытында ығыса отырып, Қазақстанның басым облыстарында жаңбыр тудырады, шығыс аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің дауылды күшеюі, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі»,- делінген хабарламада.