Юрий Гусев: Алпауыт кәсіпорынның имиджін қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміздің үлесі зор

397
көрілім
Фотосурет hk-torpedo.kz сайтынан

Елбасының туған күніне орай өңірдегі белгілі кәсіпкерлер мен өнер адамдары Нұрсұлтан Әбішұлы жайлы естеліктерімен бөлісті. «Қазцинк» ЖШС -ның экс-директоры Юрий Гусевтің сөзінше, алпауыт серіктестік Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауының арқасында шетелдік инвесторлардың назарын аудартқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол кезде металл өңдейтін үш кәсіпорынның бір зауытқа айналуы жұмыс ауқымын кеңейтіп, қаламызды ел көлемінде, одан бөлек, дүние жүзіне танымал ете бастаған. Жаңа кен орындары ашылып, өңірдегі жұмыс деңгейі де жаңа сатыға көшкен.

– Осының барлығы кәсіпорынның құлашын кеңге жайып, тың серпіліс алуына мүмкіндік берді. Кен байыту фабрикалары мен металлургия зауыттары іске қосылды. Бастысы осыдан кейін кәсіпорын жұмысы тұралаған жоқ. Алпауыт кәсіпорынның имиджін қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміздің үлесі зор, – дейді Юрий Гусев.