Зағрипа Әбдиева: Коронавирус – емі бар инфекция

495
көрілім

Бұл туралы облыстың бас пульмонологы Зағрипа Әбдиева мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Білікті маманның айтуынша, науқастардың індеттен сауығып шығуы үшін тұрғындар мейілінше өз еріктерімен келіп, қан тапсырулары тиіс.

– Қазір жағдайдың ушығып тұрған сәті. Соған қарамастан вирус жұқтырған жерлестеріміздің өміріне араша болу үшін облыс әкімдігі жан-жақты амалдар іздестірді. Заманауи жабдықтар сатып алуға қаржы тауып, ауруханаларда дәрілер мен қажетті құрылғылар тапшылығын болдырмуды басты назарға алды. Коронавирус – емі бар инфекция. Қуанарлығы сол, қазір вирус жұқтырғандармен қатар сауығып шыққан тұрғындар да көбеюде. Күні кеше өткізілген жиын қорытындысында бас дәрігерлер жұмыс істеу алгоритмін бекітті. Бұдан бөлек, өз еріктерімен келіп, қан тапсырамын деушілер де көп көмек тигізетіндіктерін айта кетейік. Бұл әдіс осыған дейін өз нәтижесін берген болатын, бұдан кейін де оңтайлы боларына сенім мол. Әрине, олай болуын ешкім тілемейді, әйтсе де ертең ауруханамызға кез келген жан түсуі мүмкін. Вирус жұқтырған науқастардың 80%-ы коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз деңгейін өткерді. Жасөспірімдер, балалар, тіпті бүлдіршіндер дұрыс ем-дом қабылдаудың арқасында инфекцияны жеңіп шықты. Жүкті әйелдерге де коронавирус жұққанымен барлығы дерлік дені сау баланы өмірге әкелді, – деді ол.