Заманауи орталық

425
көрілім

Өскемен қаласында цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

Бұрын республикалық маңызы бар қалаларда ғана қызмет көрсеткен цифрлық ХҚКО қазір Қазақстанның он бір қаласында жұмыс істейді. Өскемендегі цифрлық қызметтер орталығы Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша №3 ХҚКО ғимаратында орналасқан.

Цифрлық ХҚКО – бұл мемлекеттік қызметтерді цифрлық технологиялардың көмегімен алуға мүмкіндік беретін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының республика бойынша ашып жатқан жаңа үлгідегі фронт-офисі. Цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар өз бетінше операторлардың көмегінсіз қажетті қызметтерді алып,өзінің цифрлық сауатын арттыра алады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ