Заңсыз атқан

420
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының аумағында елік атқан браконьер құрықталды. Тәртіп сақшылары жануардың тұтас етін "Алматы-Өскемен" тас жолының бойында кетіп бара жатқан Toyota Land Cruiser көлігінің ішінен анықтаған, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

20-24 қазан аралығында облыс аумағында "Браконьер" жедел-алдын алу шарасының бірінші кезеңі өткізілді.

- Осыған орай автожолдар мен шекара жүйесінің постарында автокөліктер тоқтатылып оқ ататын қару мен оқ-дәрі, суық қару тасымалдауға және сақтауға деген рұқсат қағаздары тексерілді, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

22 қазан күні "Алматы-Өскемен" тасжолының 750-ші шақырымында «Toyota Land Cruiser» маркалы көлігі тоқтатылған.

- 42 жастағы көлік жүргізушісі жүксалғышта еліктің тұтас еті мен қару салып алған екен. Оның қаруға деген рұқсат қағаздары болғанымен, аңшылық етуге рұқсаты болмаған, - деп қосты баспасөз қызметіндегілер. - Құрықталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-ші "Заңсыз аңшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қоса кетсек, "Браконьер" жедел-алдын алу шараларының екі күнінде 103 заңбұзушылық фактілері анықталды.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ