Заңсыз жұмыс істеген

277
көрілім

Облыстық Полиция департаменті «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Полиция қызметкерлері шара барысында Өскемен қаласында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтаған.

Өңірімізде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы 16-20 қаңтар аралығында өткізілді.

– Облыс орталығында басқа елдің азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту фактілері анықталды. Атап айтқанда, бір кәсіпкер Тәжікстан Республикасының екі азаматын тиісті құжатсыз жұмысқа алған, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі, – Бұл заңбұзушылық үшін кәсіпкер 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал шетелдіктер ел аймағынан шығарылды.

Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз жұмыс істегендігі жайлы 11 фактіні анықтады.

– Бес күн ішінде 514 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 36 адам Қазақстаннан тыс шығарылды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ