Зайсан – Шілікті арасындағы жол құрылысы келесі жылға қалдырылды

888
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Зайсан – Шілікті бағытындағы 60 шақырымнан асатын жолды жөндеп, осы арқылы этнотуризмді дамытуда ілгері бір қадам жасауды көздеген. Аталған бағыттағы жолдың құрылысын бастамас бұрын жергілікті билік Шілікті ауылы халқының алдымен ауыз су мәселесін шешу жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ақпараттық орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов жолды жөндеу келесі жылға қалғанын хабарлады. Оның айтуынша, Шілікті ауылына алдымен су тарту жұмысы жүргізілмек.

– Облыс басшысы аталған бағыттағы жолды жөндеуге қаражат бөліп отыр. Биыл құжат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шіліктідегі музейдің құрылысы басталғаннан кезде жол құрылысы бірге жүргізіледі. Бірақ, алдымен Шіліктінің су құбырына қатысты мәселені шешуді көздеп отырмыз. Жуырда су тартуға қатысты сараптама жұмыстары соңына жетеді. Бұдан кейін екінші жартыжылдықта қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Зайсан – Шілікті бағытындағы жол құрылысы келесі жылы басталады, – дейді аудан әкімі Темірбек Қасымжанов.

Аян Өрібаев