Зайсан ауданына газ тарту үшін 50 миллион теңге қаржы бөлінді

470
көрілім

Шекаралас аймақтарды дамыту мақсатында Зайсан ауданында газ тарту үшін 50 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына барған сапарында ағымдағы жылы аймақтағы ауылдарды газбен қамтамасыз ету үшін 50 миллион теңге қаржы бөлінгендігін айтты.

Газ тартылатын ауылдар қатарында Шілікті, Тасбастау, Жалшы және басқа да елді мекендер бар.

- Қанша қаржы қажет болса, сонша бөлеміз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Сапасыз жұмыс болмас үшін жергілікті әкімдік бұл қаражаттың қайда және қалай жұмсалатынын бақылауға тиіс.