Зайсан ауданына қарасты Айнабұлақ ауылында 150 орындық Мәдениет үйі салынуда

20670
көрілім
Шартты фотосурет

Шекаралық аймақтарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде есеп берген аудан әкімі Серік Зайнулдин қолға алынған бірнеше жұмысқа тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Зайсан қаласын газдандыру жұмыстарының 3-ші кезеңін аяқтауға қажетті 411 млн теңге және магистральдық газ жүйесі барып тұрған 8 ауылдық елді мекендердің ішкі газ желісін тартуға қажетті 1,4 млрд теңге мәселесін атап өтті. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы бойынша егіс алқаптары 19.2 % артуы мен мал азығын даярлауға ерекше маңыз берілгендігін мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жылына 27 млн литр сусын шығаратын «Арна Минералс» зауытының 15 шілдеден іске қосылып, 50 -ден астам жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.
– «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында 3 тірек ауылындың көшелері орташа жөндеуден өткізіліп, жарықтандырылады. Айнабұлақ ауылында 150 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Көптен бері шешімін таппай келе жатқан Зайсан-Шілікті жолының жөндеу жұмыстары да қарқынды түрде іске асырылуда, – деді Серік Зинабекұлы.