Зайсан ауданында 4 елді мекенге су тарту станциялары орнатылады

412
көрілім

Ағымдағы жылы Зайсан ауданындағы 4 елді мекенге блок-модульді су тарту станциялары орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылы Шілікті ауылында су жүйесінің құрылысы аяқталып, тамыз айында пайдалануға берілген болатын.

Бүгінгі таңда халық саны 200 адамға дейінгі елді мекендерде блок-модульді су тарту станцияларын орнату мақсатында Қарасай және Мұқашы ауылдарында қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар дәл сондай блок-модульді су тарту станцияларын 4 елді мекенге – Ақарал, Шүршітсу, Қабырғатал, Қосқора ауылдарына орнату жоспарланып отыр.