Зайсан ауданында Ұлықбек Есдәулетке арнап «Ұлтжанды Ұлықбек» атты әдеби зал ашылды

923
көрілім

Жуықта Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Ұлықбек Есдәулеттке арнап «Ұлтжанды Ұлықбек» атты әдеби зал ашылды. деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ақынмен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композитор, күйші, домбырашы, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Тұрысбек келді.

Ақынның кіндік қаны тамған жеріне келуіне орай Үлкен Қаратал ауылында мерекелік жиын өтті. Жиын барысында Ұлықбек Есдәулетовтың әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз Оразбай Есдәулетовке арналған тақтатас ашылып, ас берлді. Соған қоса Ұлықбек Есдәулеттің 65 жылдық мерейтойы тойланды. Түрлі спорттық ойындар өткізіліп, ақын шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Осы күні Қаратал орта мектебінде Ұлықбек Есдәулетовке арналған «Ұлтжанды Ұлықбек» атты залдың ашылуы болды.

Өз кезегінде сөз алған ақын туған жеріне деген сағынышын өлеңмен өріп, жерлестерін маржан жырларымен сусындатты. Кездесу барысында ақын мектеп кітапханасына өз туындыларын сыйға тартты. Ақынның «Заман-ай» өлеңіне жазылған әні мен Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйі көпшіліктің көңілін тербетті.

Ауылды аңсап алыстан келген ақын жырларымен сусындаған жастар Зайсан жерінің киелі екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Таунар ҚАЙРАТ