Зайсан халқын газбен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 570 млн теңге бөлінді

358
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы бүгін елордада өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігіндегілердің мәліметінше, бірнеше этапта қаржыландыруды қажет ететін 22 ірі жоба мен жүйелі мәселеге республикалық бюджеттен биыл 102,9 млрд. теңге қарастырылған. Зайсан өңірі де қамтылмақ.
- Мысалы, «Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасының жалпы құны 5,9 млрд. теңге болса, осы жылы жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Зайсан ауданының халқын газбен жабдықтау үшін 2022 жылы 2 жаңа жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 570 млн. теңге бөлініп отыр. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде осы 2 жобаны іске асыру үшін 730,5 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді, - делінген мәліметте.