Зайсан қаласында белгілі кинорежиссер Ғазизхан Әділхановтың шығармашылық кеші өтті

762
көрілім

Зайсан ауданының орталығында актер-әнші, кинорежиссер Ғазизхан Әділхановтың «Елге сәлем» атты шығармашылық қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шара барысында Ғазизхан Әділхановтың жанұясы мен жергілікті өнерпаздар Жалши, Шілікті, Тасбастау, Қарабұлақ ауылдары мен аудан орталығы Зайсан қаласында өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Сұрмерген», «Шырағың сөнбесін», фильмдерінің бейне таспалары естелік ретінде көрермендерге тегін таратылды.

— Қошеметпен қарсы алған еліме, жерлестеріме рахмет! Қазақтың күре тамыры ауылда. Қашанда ұшқан ұямызды ұмытпағанымыз абзал, — дейді Ғазизхан Әділханов.

Біздің анықтама
Ғазизхан Әділханов — Зайсан ауданы, Шілікті ауылының тумасы. Актер-әнші, кинорежиссер, журналист. Көп жылдар «Қазақ» телеарнасында, «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен. «Гүлфайрус», «Қазығұрт қыраны», «Кенжетайдың кенжесі», «Сахна саңлағы», «Сұрмерген», «Алтайдың ағйығы», «Есіңе мені  алғайсың», «Шырағың  сөнбесін» атты  фильмдердің авторы әрі режиссері. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, тұңғыш Президенттің Құрмет Громатасымен және басқа да көптеген медальдармен марапаталған.