Зайсан қаласында биыл 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады

853
көрілім

Осы айдың соңына қарай Зайсан қаласында 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Кондюрин көшесінде салынатын қос үйдің құрылысы аяқталған жағдайда 120 отбасының баспана мәселесі  шешімін табады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, Зайсан ауданында 900-ден аса адам пәтер кезегінде тұр. Өткен жылы аудан орталығының Заречный мөлтек ауданында 60 пәтерлі екі үй пайдалануға беріліп, 29 жасқа дейінгі жастар баспанамен қамтылған.

– Зайсанға жастар қайтып келіп жатыр. Сондықтан, баспана мәселесін шешу басты шаруалардың бірі. Осы айдың аяғында құжат жұмыстары аяқталып, Кондюрин көшесінде екі үйдің құрылысы басталады, – дейді аудан әкімі Темірбек Қасымжанов.

Аян Өрібаев