Зайсан қаласындағы әуежайда ұрлық жасалды

760
көрілім

Қылмыстық топ жүздеген метр кабельді ұрлап, әуежайға миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Үш адамнан құралған қылмыстық топ қарашада Зайсан әуежайы аумағында ұрлық жасаған, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Олар метеорологиялық жабдыққа арналған 400 метр кабельді ұрлап кеткен.

Күдіктілер қылмыстарын мойындап, қамауға алынды.

Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.