Зайсан көлі қалмақтарды аштықтан құтқарғанын білесіз бе?

1417
көрілім

Зайсан атауы моңғол тілінен шыққаны барша мәлім. Ол нені білдіреді? Ең танымал нұсқасы бойынша, Зайсан — бұл «Кіші князь».

Бұл атаудың одан басқа да шығу тегі бар екен. «Сайхан» моңғолша «әдемі» деген мағына береді. Көлдің«марстық» пейзажы шынымен де әдемі: түрлі түсті балшықтары мен сорлары. Алайда көлдің атауында басқа мағына болуы да әбден мүмкін.

Батыс Моңғолияны мекен еткен ойраттар туған жерінен Қытайдың ығыстыруымен Қазақстанға басып кіреді. Қазақтар үшін олардың шапқыншылығы ұлы жұтау жылдарына алып келді. Ойрат-жоңғарлар Қазақстанның шығысын жаулап алып, жергілікті халықты біздің құдай берген өлкемізден қашуға мәжбүр етеді.

«Запасун» ойратша «балық» деп аударылады. Моңғолдар мен қалмақтар балық аулап, жемейтін. Балық аулауға оларды ашаршылық мәжбүрледі. Келімсектер сол кезде көлдің балық байлығына баға беріп, Нор-Зайсан — «тамаша балық көлі» деп атаған.

Көлдің балыққа байлығы соншалықты, Ұлы Отан соғысына дейін жергілікті тұрғындар пешті «қоқысбалық» — кепкен табан балықпен жаққан екен.