Зайсанда ішімдікке масайған жігіт өз бөтелкелестерін бір сапқа тұрғызып, ұрып-соққан

885
көрілім

Зайсан қаласында тентек судан ұрттап алған азамат өз бөтелкелестерін бір сапқа тұрғызып қойып, ұрып-соққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кабеков көшесіндегі тұрғын үйде сағат 21.00 шамасында бас қосқан 4 азамат ішімдік ішеді. Араға біраз уақыт салып араққа масайған жігіттердің бірі ас бөлмеде екі танысын бір қатарға тұрғызып, соққылаған. Одан соң азаматтардың біріне «Ертең түске дейін 15 мың теңге дайындап қой» дегенді айтып, екіншісін 5 мың теңге беруге мәжбүрлейді. Бұл аздай, жігіттердің бірін тыр жалаңаш шешіндіріп, «Ақша таппасаң, көшеде осылай жүргіземін!» деп қорқытқан.

Осыған байланысты сот ісі Зайсан аудандық сотында қаралды. Сот шешімімен ҚР ҚК-нің 194-бабы, 2-бөлігінің 1 тармағымен айыпталған 23 жастағы азамат 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алды.