Зайсандағы оқшаулау бөліміне Алматы мен Қарағандыдан келген 11 студент орналастырылды

748
көрілім

Бұл туралы ауылдарда жұқпалы індеттің алдын алу шараларымен танысқан аудан басшысы Серік Зайнулдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 – Бүгін Сауыр мөлтек ауданына қарасты бастауыш мектеп ғимаратындағы коронавирус инфекциясына байланысты ашылған оқшаулау бөліміне және аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне барып, жұмыс барысымен танысып қайттым. Оқшаулау бөліміне Алматы, Қарағанды қалаларынан келген 11 студент орналастырылды. Олар ауырған азаматтар емес, қолдарында арнайы анықтамалары бар. Тек 14 күн мамандардың бақылауында болады, – деді Серік Зинабекұлы.