Зайсандағы шекара бекетіне ұшақ апатынан қайтыс болған полковник Руслан Зәкиевтің аты берілді

668
көрілім

Зайсан ауданында орналасқан 2017 әскери бөліміне қарасты «Шаған-Оба» шекара бекетіне 2009 жылы тікұшақ апатынан қаза тапқан Зайсан өңірінің тумасы полковник Руслан Зәкиевтің атын беру туралы қаулы шықты.

– ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің «Чаган-Обо» шекара заставасы «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «полковник Руслан Әлимолдаұлы Зәкиев атындағы» шекара бекеті болып қайта аталсын, – делінген Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қол қойған қаулыда.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылдың 8 қыркүйегінде ОҚО-дағы Өгем шатқалында 13 адамы бар әскери МИ-8 тікұшағы құлап, 10 шекарашы қаза тапқан болатын. Өзбекстанда түрмеден қашқан алты қарулы қылмыскердің жолын кесу үшін барлау тобы мемлекеттік шекарада тосқауыл ұйымдастырған. Барлау тобын бастап шыққан Руслан Зәкиев екі күн бұрын ғана жаңа қызметке тағайындалып, бірнеше күннен соң Астанаға аттанбақ болған еді.

Мейрамбек Қосажан