Зайсандық жеті студент ветеринария бойынша Қытайда іс-тәжірибеден өтіп келді

1018
көрілім

Қытайдағы оқу ШҚО мен ҚХР ШҰАР арасындағы екі жақты меморандум аясында жүзеге асырылып, Зайсан қаласындағы технологиялық колледждің жеті студенті Шыңжаңдағы аграрлық кәсіби-техникалық институтта біліктіліктерін шыңдап келді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқу жетекшісі Бақыт Айтбаеваның жетекшілігімен біздің жеті студент Чанцзы қаласында оқып келді, – дейді Зайсан технологиялық колледжінің директоры Ерік Сейілханов.

Қытайлық әріптестер қазақстандық студенттерді сол жақтағы ЖОО тәртібімен және қауіпсіздік техникасымен таныстырып, оқу корпусын, базасын, мулбтимедиялық және лингафондық кабинеттердің жұмысын көрсеткен. Біздің тарапты қытайлықтардың Израильмен бірлесе ашылған ауыл шаруашылығы орталығы қызықтырыпты.

Тәжірибе 60 сағаттан тұрды. Институттың зерттеу-тәжірибелік орталығы ол жақта соңғы технологиялармен жабдықталған екен, – дейді Бақыт Айтбаева.

Тәжіриеден өтушілер қытайлық фармокологияның қыр-сырымен танысып, ауру малдың сырқатын анықтау және емдеу тәжірибелерін алып қайтты.