Зерделеп алған жөн

278
көрілім

Өңіріміздегі су тасқынынан зардап шеккен бөгендер мен полтиналарды қалпына келтіру үшін 267 миллион теңге қажет. Дегенмен бюджеттен қаражат бөлмес бұрын мәслихат өкілдері нысандардың қирау деңгейін зерделейді.

13 тамыз күні өткен әкімдіктің кеңейтілген отырысында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Медет Нұрғалиев өңіріміздегі гидротехникалық нысандардың 45-де ағымды жөндеу жұмыстарының жүргізіліп, алтауына қауіпсіздік декларациясының дайындалып, ал 54-не көпфакторлы зерделеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол көктемгі су тасқыны кезінде көп зардап шеккен 15 гидротехникалық нысанды жөндеуге облыс әкімінен қаржы бөлуді сұрады.

- Жөндеу керектігі белгілі, - деді өңір басшысы. - Бірақ кейбір жерлерде төтенше жағдай салақтықтан орын алды. Өскемендегі Сәтпаев даңғылын алайық. Ол бейқамдық салдарынан суға көмілді. Глубокое ауданында суқойма ернеуінен асты. Егер сол жерде суды реттейтін жақтаулар уақытылы дайын болса, ондай жағдай орын алмас еді. Сондықтан алдымен барлық нысандарды зерделеп алған соң ғана қаржы бөлінеді.

Ерлен ОСМАНОВ