Жаңа басшы

545
көрілім

Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Андрей Андрейко бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының тізгінін ұстап келген болатын. Алматы облысының тумасы төтенше жағдайлар саласында 1995 жылдан бері істейді. 2009-2016 жылдар аралығында Өскемен қалалық ТЖ басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылдың мамыр айында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Андрей Андрейко I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдерімен мараптталған.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ