Жаңа демалыс базасы ашылады

275
көрілім

Бұқтырма суқоймасының жағасында тағы бір демалыс базасы бой көтермек, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа демалыс базасы қолдан жасалған суқойманың Көкпекті ауданы жағындағы жағасында Сарыбел ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналаспақ көрінеді. Осы себепті аталмыш ауылдық округте 18 шілде күні қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланып отыр.

Алдын ала алынған ақпаратқа сенсек, база аумағында демалушыларға арнап 25 үй салынбақ екен.

Сонымен қатар, жоба бастамашылары аумақты абаттандыруды да ойластыруда. Үй араларына терек, самырсын, ұшқат, қарақат, мамыргүл, арша сияқты ағаштар мен бұталар отырғызылмақ.

Ерлен ОСМАНОВ