Жаңа Елтаңба

385
көрілім

Қазақстанда Мемлекеттік Елтаңбаның жаңартылған нұсқасы енгізілді, деп хабарлайды газет тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап. Жаңартылған нұсқасында латын қарпінде «Qazaqstan» сөзі қолданылады.

Жуықта Мемлекеттік Рәміздер туралы заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын графикасымен жазылады. Ұлттық стандарттың барлық мәтінінде латын қарпінде «Qazaqstan» деп енгізіледі. Сонымен қатар Елтаңба алтын түстес, ал астары аспан түстес болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістерді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес жұмыс тобы әзірлеген.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ