Жаңа әуе бағыттары ашылады

265
көрілім

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылы субсидияланатын бағыттардың тізімін жасап, әуе тасымалымен айналысатын компанияларды таңдады. Сонымен қатар 14 қаңтардан бастап облыс орталығы мен Семей қаласынан Үржар және Зайсан аудандары бағытына ұшатын әуе рейстері қайтадан ашылды.

Осылайша биыл "SCAT" әуе компаниясы бір бағытқа билет құны 20 мың теңге болатын Өскемен-Қарағанды-Өскемен бағытында жолаушы тасымалын ұйымдастырады. Ал конкурста жеңіске жеткен "Южное небо" әуе компаниясы билет құны бір бағытқа 16 мың теңге болатын Астана-Үржар-Астана, 14 мың теңге болатын Үржар-Алматы-Үржар және облысішілік бағыттарда қызмет көрсететін болады.

Субсидияланатын әуе рейстерін ашудағы басты мақсат аудан орталықтарын облыс орталығымен жалғау және белгілі туристік бағыттарды дамыту болып табылады. Ал Шығыс Қазақстандағы осындай бағыттардың бірі Алакөл демалыс аймағы орналасқан Үржар ауданы екені белгілі. Оның үстіне биыл облыс билігі аудандағы әуежайды қайта жөндеуден өткізбек ниетте.

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, облыс ішінде әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшатын көрінеді.

Ұшақ маркасы Бағыт Апта күндері Ұшу әуежайы Қону әуежайы Бір бағытқа жолаушы тарифі (теңгемен)
Ан — 24 Өскемен- Зайсан Дүйсенбі, бейсенбі 11-00 12-10 8 000
Зайсан- Өскемен 12-40 13-50 8 000
Ан — 24 Өскемен- Семей-Үржар Сейсенбі, жұма 08-00 08-40 Өскемен-Семей- 4000 Өскемен-Үржар-10 000 Семей-Үржар – 10 000