Жаңа ипотека

415
көрілім

Елімізде 12 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріле бастайды, деп хабарлайды газет тілшісі tengrinews.кз сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ өкілдерінің айтуынша, бастапқы жарна соманың 30 пайызына тең болуы керек.

– Қарыз алушының төлем қабілеті толықтай расталған жағдайда жылдық мөлшерлеме 12 пайыз болады. Несиені кез келген жасы 21-ден асқан қазақстандық ала алады.

Қарыз алушының төлем қабілеті толықтай расталған жағдайда жылдық мөлшерлеме 12 пайыз болады. Ипотека 16 қалада беріледі. Несиені кез келген жасы 21-ден асқан қазақстандық ала алады. Берілетін қарыздың максималды сомасы - 40 миллион теңге, минималды - 1 миллион теңге. Ипотеканы 20 жылға дейін рәсімдеуге болады, деп түсіндірді компания өкілдері.

Клиент пәтерді өзі таңдайды да, ол жайлы банктің серікстесіне хабарлайды. Кейін банктегілер қажетті құжаттарды жинап, ипотекалық компанияға өтініш жолдайды. Сосын ғана ипотекалық компания қарыз алушының төлем қабілетін тексеріп, қабылдаған шешімін банкке хабарлайды.

Асқар ТҰМАРБЕК