Биылғы жылы Шығыс Қазақстанға оңтүстіктен 140 отбасы көшіп келді. Осылайша біздің өңір мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, аспаздардың, есепшілер мен электрші мамандардың тапшылығын жоймақ.
Естеріңізге салсақ, Шығыс Қазақстан облысы оралмандар мен оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлердің бірі болып табылады.
Биылғы жылғы басты міндет — 364 отбасыны тұрақтандыру. Қазіргі уақытта облысымызға 140 отбасы көшіп келді.
- Көшіп келушілерді облысымыздың барлық аудан, қалалары қабылдап жатыр, - дейді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова. - Еңбек күші қажет өңірлер оларға орыс тілі, химия, математика, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, информатика, физика пәндерінің оқытушысы, бағдарламашы, мектепке дейінгі тәрбие, рентгенолог, медбике, зертханашы, наубайшы, аспазшы, кондитер мамандықтары бойынша жұмыстар ұсынуда.
Бұдан басқа, энергетика, өндіріс және өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика сияқты салаларға да мамандар қажет.
Айсұлтан АЗАМАТ
Фотосурет total.kz