Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында жаңа Тұрғысын СЭС-ін іске қосу жоспарлануда.
Осыдан бес жыл бұрын іргетасы қаланған шағын су-электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Өңіріміз баламалы энергия көздерін өндіруге көп көңіл бөлуде деп хаббарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
- Жыл соңына дейін Зырян ауданының аумағында Тұрғысын СЭС-і іске қосылады, - делінген хабарламада. - Бұдан бөлек бір күн және үш жел электр станциясын салу жоспарда бар.
Қоса кетсек, қуаты 24,9 МВт болатын Тұрғысын-1 СЭС-нің құрылысы Тұрғысын өзенінде 2013 жылы басталған болатын.
Ерлен ОСМАНОВ