Жаңарған Жарма

4216
көрілім

Тәуелсіздік жылдары Жарма ауданында экономикалық көрсеткіш еселеніп, инвестиция көлемі айтарлықтай артты. Жаңа өндірістік өнеркәсіп орындары ашылып, жаңа әлеуметтік нысандар іске қосылды. Аудан бойынша 5 жалпы білім беретін мектеп, 8 балабақша, 14 су құбыры желілері, 5 екі пәтерлі тұрғын үй салынды. 17 мәдениет орындары, 5 спорт кешендері , 11 инженерлік инфрақұрылым нысандары және 10 ауыл шаруашылығы нысандары жанданды.
Атап айтар болсақ, тәуелсіздік жылдары ауданға 255 млрд.теңге инвестиция тартылған. Аудан бюджетінің көлемі 17 есе өсіп, 8,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде меншікті кірістер көлемі 18 есе өсіп, 3,8 млрд.теңгеге лайықталды.Аудан халқын жұмыспен қамту мақсатында өңірде 6,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
“Баламалы энергия көзін пайдалану мақсатында, 2019 жылы «Жангиз Со- лар» мекемесінің жылдық қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясы салынып, іске қосылған болатын. Биылғы жылы «Жасыл» экономика бағдарламасы бойынша ауданда екінші жоба жүзеге асырылды. Ол - Жаңғызтөбе кентінде салынып жатқан жылдық қуаттылығы 30МВт жел электр станциясы іске қосылмақ. Сонымен қатар, 20 млн. теңгенің 5 жобасы мақұлданды. Жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 65 580 мың. теңгенің 19 жобасы тапсырылып, қаржыландырылмақ.
“Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Аграрлықнесие корпорациясы» АҚ арқылы 207,8 млн теңге сомасына 11 жоба қаржыландырылып, 24 жұмыс орны құрылды. Елді мекендердің әлеуметтік мәселелері кезеңімен шешімін тауып келеді,- дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жарма ауданы бойынша «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы негізінде көп балалы аз қамтылған отбасылар мен халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары үшін жалпы ауданы 2550 м2 болатын 15 екі пәтерлі тұрғын үйдің (30 пәтер) құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Оның ішінде Қалбатау ауылында – 9 үй (18 пәтер), Шар қаласында – 6 үй (12 пәтер). Жақында аудан орталығында аталған бағдарлама бойынша бой көтерген екі пәтерлі 7 үй пайдалануға берілді.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда тағы бір ірі елді мекенде халықтың ұсынысымен Мәдениет үйінің құрылысы бой көтеріп, ел игілігіне берілуде.
Сонымен қатар, Суықбұлақ, Әуезов кенттерінің көшелерін жөндеу және жарықтандыру жұмыстары қолға алынып, аудан бюджетінен арнайы қаржы бөлінген.