Жанболат Мағзұмов: Америкалық палуан Дарынның әр әдісіне тосқауыл қоюмен жүрді

369
көрілім

Италиядағы Әлем чемпионатына қос бірдей шығысқазақстандық спортшымен жол тартқан бапкері шәкіртінің қай әдісі жеңіске жетелгендігімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол ұзақ, меже биік, қарсыластар сыралғы. Семейдегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясында талай мықтының томағасын сыпырған Жанболат Мағзұмов осының барлығын көзбен емес, көкірекпен көріп, өңір атынан ел құрамасы сапында өнер көрсеткен палуандардың тілеуін тілеумен жүрді. Рим қаласындағы додада қарсыластарын қапы қалдырған Дарынның кез келген белдесу әдістерін қолданып кетуге дайын болғандығын жеткізді.


- Еркін күресте білесіздер, санаулан тәсілдер алма-кезек жасалады. Америкалық палуан шешуші сында Дарынның әр әдісіне тосқауыл қоюмен жүрді. Сонда қазақтың "қара жамбасы" көмектесті. Әлем чемпионатында бір рет күресіп болған соң аз уақыттан кейін келесі айналым басталып кетеді. Палуандар тынығып үлгермейді. Арасы 15 минут. Қуанышқа орай, шәкіртіміз осының барлығын өткеріп, әр кездесуге әзір тұрды. Тағы бір спортшымыз Айқын Болатұлы да тамаша күресті. Тек, қола медаль үшін өткен белдесуде қарсыласына жол берді, - деді бапкер.

Әділхан ЕСІМХАНОВ