Жапон палуандары жаттығуда да медициналық маска тағып жүр

472
көрілім

Қазір Күншығыс елінің бұрымдылары Токиодағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайтқа салынған фотосурет өзіміз тілге тиек отырған оқу-жаттығу жиыны кезінде түсірілген. Бірі қалмай маска киіп, бозкілем бәсекесіне білек сыбана кіріскен. Халықаралық күрес парақшасы мәліметінше, Жапонияда қазір жағдай тұрақталған. Ұзын-саны 126 млн тұрғыны бар мемлекетте 1730 адам коронавирустан көз жұмыпты.