Жапония коронавирустың емін тапты

446
көрілім
Шартты фотосурет

Қытай билігі тұмау вирусының жаңа штаммдарына қарсы жапониялық дәрінің сынақ түрінде емдеу барысында коронавирустық инфекцияның жеңіл формасына ұшыраған науқастарды емдеуде тиімділігін дәлелдегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап.

Ол дәрі Ухань мен Шэньчжэнде 340 науқасқа сыналған. Дәрі белгілі бір вирустардың көбеюіне жол бермейді және мамандардың сөзінше, науқастардың өкпесін жақсарту арқылы вирустың әрекет ету уақытын едәуір қысқартады..

Сонымен қатар, рентген фавипиравиром қабылдаған науқастардың шамамен 91%-ының өкпесінің қалпына келгенін көрсетті, ал өзге дәрілермен емделген науқастарда мұндай нәтиже 62% құраған.