Жарма аудандық Прокуратурасы кәсіпкерлердің талап-арызын қабылдайды

635
көрілім

Кәсібін өрге домалатуда кедергіге тап болған кәсіпкерлер Прокуратураға арыз түсіре алады.

Жарма ауданының құзырлы органы ел ішіндегі өзекті мәселеге қатысты талдау жүргізеді. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз мәселесін шешуде кімге хабарласарын білмей жатады, – делінген хабарламада. – Сондықтан Жарма ауданының Прокуратурасы барлық кәсіпкерлерге кездескен қиындығы жайлы қысқаша жазып, сонымен бірге өз ұсынысын білдіруге болатыны туралы хабарлайды.

Егер талап-арыздар, ұсыныстар түсіп жатқан жағдайда құзырлы органның қызметкерлері жинақталған мәселені шешу жоспарын құрмақ.

Мәселенің қысқаша мазмұны мен ұсынысын аудан кәсіпкерлері 7234710@prokuror.kz электронды поштасына жіберуіне болады. Байланыс телефоны – 8 (72347) 65-560.

Аңсар НҰРИМАН