Жарма ауданында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қандай?

299
көрілім

Бүгін Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов  жанар-жағар май бекеттерінде бағаның шектік деңгейде сақталуын қарап шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалбатау ауылындағы «Қазмұнайгаз», «Helios» ЖШС-нің Өскемен филиалының жанармай бекеттерінде жанармай бағасына мониторинг жүргізілді.

- Мониторинг барысында «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  2022 жылғы 6 қаңтардағы шыққан бұйрығына сәйкес,  құқық бұзушылық жағдайы анықталған жоқ, - делінген аудан әкімдігі ұсынған ақпаратта.

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне қосылған құн салығы есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленген:

 Аи-92 маркалы бензин -1 литр үшін 182 теңге;

 Аи-95 маркалы бензин -1 литр үшіни 212 теңге;

Дизель отыны - 1литрiне 260 теңге.

Бақылау қорытындысы көрсеткендей, жанар май бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталған.