Жарма ауданында азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексерілуде

729
көрілім

Өткен бейсенбіде «Қыс-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның шеңберінде ДЭУ-28 аумағында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

Аталған шараға Қалбатау ауылдық округі әкімдігінің, аудандық ТЖБ, полиция бөлімінің, 32-ӨСБ, «Жарма су» КМК, ДЭУ-28, орталық аудандық аурухананың күштері мен техникасы тартылды.

Оқу-жаттығу барысына сәйкес Омбы-Майқапшағай тас жолында қалың қар жауғандықтан қар кептелісі пайда болып, мектеп автобусы мен бірнеше жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Сөйтіп төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді эвакуациялау қажет.

Бұдан кейін оқу-жаттығу жоспары бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Мұратов және ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Ержан Төлеуқанов түсіндіргендей, арнайы-тактикалық оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі ТЖ жою бойынша іс-қимылдар, Жарма ауданының азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері және құрылымдарымен практикалық іс-қимылдар пысықталды.

Қ. Жақсыбаев.