Жарма ауданында биыл 15 екі пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді

357
көрілім
Шартты фотосурет

Биыл аудан бойынша  «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында жеке инвесторлар есебінен 15 екі пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалардың сөзінше, жалпы ауданы 2550 м2 аумақты қамтыған баспана кілті көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына табысталды.
- Тұрғын үйлердің жалпы құны 357,0 млн. теңгені құрайды. Қалбатау ауылында – 9 үй (18 пәтер), жалпы ауданы 1530 м2, жалпы құны 214,2 млн. теңге, Шар қаласында – 6 үй (12 пәтер), жалпы ауданы 1020 м2, жалпы құны 142,8 млн теңге, - делінген мәліметте.
Белгілі болғандай, қазір жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 2090 м2 болатын 13 екі пәтерлі тұрғын үй (26 пәтер) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 20 пәтер – 85,0 м2, 6 пәтер – 65,0 м2.
- Бүгінгі таңда жоғарыда аталған үйлердің құрылысы бойынша оффтейк-келісімшарттар жасалып, 13 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы толығымен басталып кетті. Аталған тұрғын үйлер 2022 жылы сатып алынады, - деді аудан әкімдігіндегілер.