Жарма ауданында екі ай бойы іздеуде болған ер адам табылды

838
көрілім

Жарма ауданында ауқымды жедел алдын алу шарасы өз нәтижесін берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір республика аумағында ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес «Учаске» ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Оның бағыттарының бірі - шаруа қожалықтарын тексеру, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін проблемалық мәселелерді анықтау, сондай-ақ олардың қызметкерлерімен алдын алу жұмыстарын жүргізу.

- Жақында Жарма ауданы бойынша аталған жедел алдын алу шарасы кезекті оң нәтижесін берді. Онда шаруа қожалықтарының бірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері екі ай бойы іздеуде болған 45 жастағы ер адамды тапты. Телефонын жоғалтып алған ол тіпті тағдыры үшін алаңдап біткен туыстарына да хабарласпаған, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол туыстарымен бірге үйіне қайтарылды.