Жарма ауданында еңбек жасағы ашылды

255
көрілім

Жуырда «Жасыл Ел» 2022 еңбек жасағының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған орай ауданының ерен жүйріктері мен жалынды жастары Жастар ресуртық орталығында бас қосты. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев  қатысып, жиналған барша жастарды құттықтады.
Жасыл ел қозғалысы үш ай жаз бойы балаларымыздың тазалық бойынша әдебінің қалыптасуына ықпал етеді. Жастардың патриоттық сезімін күшейтеді.


"Жасыл ел" қозғалысының жұмысы қарқын алып келеді. Мәселен, биыл 80-ге жуық жас өз жұмысын бастамақ. Олар жаз бойы ағаш егіп, топырақ қопсытып, арам шөп жұлып, қаланың көгалдануына үлестерін қоспақ.
- Жастардың еңбегі елеусіз қалмайды. Олар табыс тауып, атқарған жұмыстары үшін жалақы алады. Биыл "жас елдіктер" айына 95194 мың теңге жалақы алады. Енді жасыл елдің сарбаздары алдағы үш айы бойы туған жерді көркейтіп, гүлдену жолында еселі еңбек етпек. Іс-шара сонында жастар өз өнерлерін ортаға салып ән айтып, би биледі, - делінген мәліметте.